Волейболдан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары қарсыластарын ойсырата жеңді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда волейболдан ерлер және әйелдер арасында Шақыру кубогына Құрлықтық іріктеу турнирі өтіп жатыр. Оның алғашқы кезеңінде қазақстандық спортшылар айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.