Ауғанстандағы стадионда қатарынан үш жарылыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның шығысында орналасқан Нангархар провинциясының Джалалабад қаласындағы стадионда қатарынан үш рет жарылыс болып, кем дегенде сегіз адамның өмірін қиды. Бұл жайлы ақпаратты жергілікті ресми тұлғалар растады деп хабарлайды ҚазАқпарат.