Қазақстанға Қырғызстаннан келетін көкөністер көлемі артпақ
![Қазақстанға Қырғызстаннан келетін көкөністер көлемі артпақ](http://www.inform.kz/fotoarticles/20180502072645.jpg)
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кәрім Көкірекбаев Жамбыл облысындағы Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекеттерінің көліктік инфрақұрылымын дамытудың «Жол картасын» іске асыру барысымен танысты. Бұл туралы ҚазАқпарат Қырғызстандағы Қазақстан Елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.