Ақмола облысындағы «Ханым сүйегі» жер атауы қайдан шыққан
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы Урюпинка ауылынан батысқа қарай 2 шақырым жердегі орманды жазық дала өңірдің киелі нысандарының картасына еніп отыр. Бұл жерді жергілікті тұрғындар «Ханым сүйегі» деп атайды. Өйткені, бұл жерде атақты Абылай ханның сүйікті әйелі Өрес ханым жерленген деседі. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Ақмола облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының бас инспекторы Серік Ысқақов айтып берді.