100 кітап: Жаңа оқулықтар тіл біліміне қатысты ортақ құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік береді - ҚазҰУ профессоры
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 100 кітап жобасы аясында аударылған жаңа оқулықтар студенттерге жалпы тіл біліміне қатысты ортақ құбылыстарды зерттеуге мүмкіндік береді. Осындай пікірін ҚазАқпарат тілшісіне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Филология және әлем тілдері факультеті, Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Сьезд Ақымбек айтты.