Мұхтар Сеңгірбай: «100 жаңа оқулық» ұрпақ санасында серпіліс жасайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған оқулықтар әсіресе ауыл баласы үшін зор қазына. «Ұлттық аударма бюросы» арқылы оқулықты аудару жобасына қатысты Сүлеймен Демирел университетінің аға оқытушысы, саясаттану бойынша Философия докторы (PhD) Мұхтар Сеңгірбай осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.