Астананың барлық ЖЭО-ы газға ауыстырылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2020 жылы Астанадағы барлық үш жылу электр орталығы, сонымен бірге Оңтүстік Шығыс, Көктал-1 және Көктал-2 шағын аудандары толығымен газбен қамтылады. Бұл туралы Елбасының қатысуымен өтіп жатқан елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.