Ақтаулықтар көшеде жүрген педофил туралы ескертілуде
АСТАНА.ҚазАқпарат - Ақтау қаласында әлеуметтік желілерде тұрғындарды сақтыққа шақырған хабарламалар тарап жатыр. Онда балаларға азғындық жасау әрекеттерінің орын алғаны айтылады. 4 сәуір, сәрсенбі күні қаладағы мектептердің бірінде ата-аналар жиналысы өтіп, онда полицейлер қылмыскердің түр-тұлғасын шамалап айтып берген. Бұл туралы жиналыстан шыққан ата-аналар хабарлады, деп жазады lada.kz.