Түркістанның бұрынғы прокурорына қатысты іс қарала бастады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Түркістанның бұрынғы прокуроры Махат Зұлпыхаров пен оның көмекшісі болған Бақыт Жүнісбековтың ісі қарала бастады. Бүгін аталған сотта алдын ала тыңдау болып, тараптардың талап-тілектері айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.