Елдің басым бөлігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, күндіз шығыстың кей жерлерінде нөсер жауын жауады. Кей жерлерде бұрқасын соғып, тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді. Оңтүстік-батыстың кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.