Елорда тұрғындары Наурыз мерекесінен пайда таба бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Наурыз мерекесіне орай әлеуметтік желілерде «тапсырыспен Наурыз көже дайындаймын» деген сипаттағы жарнамалар көбейді. Кейбір кәсіпкерлер 5 литрден көп көже сатып алғандарға сыйлыққа 2 келі бауырсақ берілетінін жазған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕлордаИнфо сайтына сілтеме жасап.