Тыңайтқыштарды субсидиялауға әкімдіктер бөлетін қаражат жеткілісіз – АШМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Облыс әкімдіктері тыңайтқыштарды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін ұлғайтулары қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Арман Евниев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.