Баспана қымбаттап кетпес үшін не істеу керек - сарапшы пікірі
АСТАНА. ҚазАқпарат - «7-20-25» бағдарламасында өңірлердің жаңа және ескі тұрғын үйлерін қоса отырып, нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың үйлесімін табу керек. ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер орталығында» өткен дөңгелек үстелде Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы Айжан Мұқышбаева осындай пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.