Дәрігерлер қағазсыз құжат жүргізу жүйесіне қашан көшеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың соңына дейін еліміздің барлық медициналық ұйымдары қағазсыз құжат жүргізу жүйесіне көшеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының өткен жылғы қорытындысын шығарған ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.