Газдың иісі шыққанын ұялы телефон арқылы білуіміз мүмкін
![Газдың иісі шыққанын ұялы телефон арқылы білуіміз мүмкін](http://www.inform.kz/fotoarticles/20180312103256.jpg)
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Таяу болашақта өзіміз жоқта үйде газдың иісі шыққанын ұялы телефон арқылы білуіміз мүмкін. Бұл жобаны Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласында өткен «Жас ғалым» халықаралық байқауында сырбойылық дарында оқушы Мағжан Бекетов қорғаған , - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.