Ақтөбе мал өнімінің импортынан бас тартуды көздеп отыр
![Ақтөбе мал өнімінің импортынан бас тартуды көздеп отыр](http://www.inform.kz/fotoarticles/20180312112513.jpg)
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік шаруалар мал басын арттыру, асылдандыру мақсатында 11 мың бас асыл тұқымды ірі қара сатып алуды көздеп отыр. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев мал өнімінің импортынан бас тарту мақсатында жұмыс істеуге тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.