Шымкентте жоғалған баланың денесі Қарасу өзенінен табылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жоғалған 2 жасар бүлдіршіннің мәйіті Қарасу өзенінің Бадамға құятын тұсынан табылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.