«Қарағанды шеберлер көзімен» атты көрме ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қарағанды шеберлер көзімен» атты көрме ашылды. Экспозиция мұражайдың 30 жылдығына арналады жәнеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткізілуде, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.