ОҚО әкімі 20 жасқа «Үздік жастар премиясын» табыстады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Халықаралық студенттер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған облыс жастарының балы мен «Үздік жастар премиясы» салтанатты іс-шарасына қатысты, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.