БЕЛТА басшысы: Мемлекетке өз қызметі туралы ақпарат таратын сенімді арна керек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочиде ТМД Мемлекеттік ақпарат агенттіктері басшыларының кеңесінің (ТМД Ақпарат кеңесі) XXIII отырысына шығармашылық ынтымақтастықты дамыту бағыттары мен келер жылға арналған бірлескен жобалар талқыланды. ТМД Ақпарат кеңесі 1995 жылы қараша айында құрылған. Оның құрамына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Ресей және Тәжікстанның мемлекеттік жаңалықтар қызметінің жетекшілері кіреді. Беларусь телеграф агенттігінің (БЕЛТА) бас директоры Дмитрий Жук «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында өзі басқаратын ақпарат агенттігінде қолданылатын жаңа технологиялар мен БАҚ-тың Беларусьтегі беделі туралы айтып берді.