Оңтүстікте 100 жасты еңсерген 600 қария тұрады
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсету орталығында 1 қазан - Қарттар күніне орай ұйымдастырылған шара өтті. Онда 250-ге жуық қарияға арналып кең дастархан жайылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.