Оралда ата-аналармен кездесуде оқулық мәселелері талқыланды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің сарапшылары Орал қаласындағы №7 орта мектепте 5-7-сыныптың ата-аналарымен және ұстаздармен кездесіп, онда оқулықтардың уақыт талабына сай болуы, салаға қазіргі заманғы оқыту тәсілдерін енгізу қажеттігі айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.