«Шырайлы Шымкент» республикалық байқауы қорытындыланды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкент қаласы күні мерекесі қарсаңында журналистер мен блогерлер арасында «Шырайлы Шымкент» атты республикалық байқау жарияланған болатын. Қала имиджін көтеруге шығармашылық қарымымен үлес қосқан БАҚ өкілдері арасындағы байқау өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.