Қазақстан мен Қырғызстан діни салада ынтымақтаса жұмыс істеуге уағдаласты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қырғызстанға жұмыс сапары барысында Қырғызстан Республикасының Дін істері жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының директоры Зайырбек Эргешовпен кездесті. Екі елдің ведомство басшылары әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды.