Қазақстан Тәуелсіздіктің үшінші мүшелін зор рухани жаңғырумен бастады - Нұрсұлтан Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қастерлі Тәуелсіздігінің үшінші мүшелін зор рухани жаңғырумен бастады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Ақтөбе қаласында өткен «Туған жер» республикалық форумына қатысушыларға жолдаған құттықтауында айтты. Хатты ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.