Дәрігерлердің жалақысы 10-15 пайызға көтеріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәліметіне сәйкес, бүгінде дәрігердің орташа жалақысы 120-130 мың теңгені құрайды. Министрлік емxаналардың жалақы саясатына араласа алмайды. Оны пациенттердің саны, қызмет сапасы және тағы басқа нарықтық факторлар анықтайды. Соған қарай бас дәрігерлер әрбір маманның жалақысын тағайындайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.