ОҚО-да қару асынып жүріп демалған полиция қызметкерлері өзгелердің зәресін алды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер табиғат аясына демалуға қызметтік көлікпен шыққан. Жұмыс формасымен, иықтарына қару асынған полиция қызметкерлері өзге демалушылардың зәресін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.