Қарағандыда жөнделіп жатқан жолдардың сапасына назар аударылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Октябрь ауданын аралап шықты. Аймақ басшысы жол жөндеу жұмыстарының сапасын, әлеуметтік нысандардың жөнделу барысын, аулалардың абаттандырылуын өз көзімен қарап қайтты, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.