«БЕРЛИН 1961: Кеннеди, Хрущев және әлемдегі ең қауіпті жер» атты әлемдік бестселлер қазақ тілінде шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық белгілі журналист, саясаттанушы, «Атлантикалық кеңес» президенті Фредерик Кемптің «БЕРЛИН 1961: Кеннеди, Хрущев және әлемдегі ең қауіпті жер» атты әлемдік бестселлері қазақ тіліне аударылып, баспадан шықты. Кітаптың таныстырылымы «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтіп отыр. Бұл Рухани жаңғыру тұжырымдамасы аясындағы әлемнің ең үздік 100 кітабын қазақ тіліне аудару идеясына сай келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.