Шымкентте полиция экипажының қатысуымен болған жол апатына жеңіл автокөліктің жүргізушісі кінәлі
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте полиция экипажының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына жеңіл автокөліктің жүргізушісі кінәлі. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, екі көлік «Ниссан» жүргізушісінің тәртіп сақшыларына жол бермеу салдарынан соқтығысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.