Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» Жекеменшік қайырымдылық қоры және RixosBorovoe қонақ үйі «Сәбилер үйінің» (Щучинск қ.) және мүгедек балаларға арналған интернаттың (Көкшетау қ.) тәрбиеленушілеріне реабилитациялық жабдықты, ойын кешендерін, сондай-ақ, көлікті тапсыру салтанатын өткізді.
Жабдық 2015 жылдың 30 тамызында өткізілген үшінші RixosBorovoe 2015 қайырымдылық велошеруі кезінде жиналған қаржыға сатып алынды. Олимпиада чемпионы Александр Винокуров бастаған велошеруге қазақстандық және шетелдік ірі компаниялардың 300-ге жуық топ-менеджері, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысқан болатын.
Жабдықты тапсыру жөніндегі ресми салтанат кезінде Щучинск қаласындағы сәбилер үйінде және Көкшетау қаласындағы интернатта баспасөз брифингі өткізіліп, мекемелердің ішіне экскурсиялар жасалды, сондай-ақ,сұхбатты жазып алу мүмкіндігі берілді.