Мы в Telegram
Добавить новость
Газета «Инфо-Цес» (г. Астана, Казахстан)





160*600

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


<
>

Тұзсыз ем-дәм ұстану

Тұзсыз ем-дәм ұстану

Пайдасы мен зияны туралы.

Біз күнделікті тұрмыста тұз бен қантты көп қолданамыз. Әрине, әр тағамның тұтыну мөлшеріне қарай пайдасы мен бірге зияны да бар. Бұл медицина ғылымында, халық тәжірибесінде баяғыда-ақ анықталған ақиқат. Соған қарамастан, үлкен де, кіші де ащыны да, тәттіні де көп пайдаланады. Әсіресе, ерлер мен әйелдер арасында тұздалған, сірке суы құйылған, бұрышталған басытқыларды, тағамдарды ұнататындар, тіпті оған құмартатындар көп. Мамандардың айтуынша, адамдар сәби, қарт шағында тұзды мейлінше аз тұтынуға тиісті. Осыған орай біз бүгін дәрігерлердің кеңесіне сәйкес тұзсыз ем-дәм қақында әңгіме қозғамақшымыз.
Өмірде артық салмақтан арылғысы келетіндердің бірқатары тұзсыз ем-дәм қолданып жатады. Сондай адамдардың кейбірімен сөйлесіп, бұл шараны қолдануға кімнің кеңес бергенін сұрағанымызда, әркімнен естігендерін айтып, мұның пайдалы, зиянды екенінен мүлдем хабары жоқ екенін жасырмай ортаға салды. Рас, біз де таныстарымыздан тұз бен қанттың «ақ ажал» («белый смерть») саналатынын естігенбіз. Оны оларға өзгелер айтыпты, содан енді мұны бізге айтып отырған көрінеді...

Ағза тұзсыз қалса
Тұз да адам ағзасына қажетті зат. Тек түрлі тағамдар арқылы ағзаға артық немесе өз мөлшерде тасымалданса, бұл адам денсаулығында жайсыздыққа жол беріп, сырқат туғызуы да мүмкін. Негізінен әрбір денсаулығы жақсы адам үшін тәулігіне қабылдауына болатын тұз мөлшері – 8 грамм. Ең тиімдісі, шамамен түрлі тағамдар мен азықтардан алынатын 3–4 грамм мөлшеріндегі тұз.
Егерде адам күнделікті өмірінде осыншалықты немесе одан да артық мөлшерде тұзды қабылдап жүрсе, тұзсыз ем-дәмді ұстанған кезде ағзасы күйзеліске түседі. Ағзасы белгілі бір мөлшердегі тұзға үйренген адам ем-дәмді жаңадан бастағанда ол оған ауыр соғады. Есте сақтайтын бір жағдай, ем-дәм ұстанғанда күнделікті ішіп-жейтін тағамға тұз салмаумен іс бітпейді, дейді мамандар. Табиғи азық-түліктер қатарынан да құрамында тұз жоқ түрлерін сауатты түрде іріктеп, таңдай білуіміз қажет. Өйткені, қызанақ, кәді, үрмебұршақ, шалғамда тұз болмаса, ем-дәм ұстанғанда қызылшаны, картопты т. б. тұзды дақыл, көкөністерді пайдаланбауымыз керек.
Тұзсыз ем-дәмнің әсері әркімге әрқилы. Егерде ем-дәм ұзаққа созылатын болса, адам ағзасында тұз бен натрийдің тапшылығы анық байқалатын болады. Ал, тұз бен натрий адам ағзасына қажетті мөлшерінен өте аз болса, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысы, асқорыту үдерісі бұзылады. Осы ем-дәмнің әсерінен жақсаруға тиісті зат алмасу үдерісі, керісінше, нашарлап, қауіпті сырқаттардың бой көтеруі ғажап емес.
Адам ұзақ уақыт бойы тұзсыз тамақтанатын болса, жүйке жүйесінің қалыпты жұмысы да өзгереді. Және де оны қайтадан қалпына келтіру оңай емес. Сол себепті, арықтау мақсатында ем-дәм ұстанғысы келгендер ең әуелі оның пайдасы мен зиянын салмақтап, дәрігерлермен ақылдасып барып, тиімді жағын ғана таңдағаны абзал.
Мамандардың кеңесіне назар аударсақ, тұзсыз ем-дәмнің зияндылығын азайту үшін оны қолданған уақытта да біз тұздан мүлдем бас тартпауымыз керек екен. Аз-аздан қолдансақ та жеткілікті. Ең бастысы, тұзды ас әзірлеу барысында емес, тағам пісіп, дайын болып қалған кезде немесе ыдысқа құярда оған салғанымыз дұрыс болып шықты. Себебі, сіз сорпа дайындағанда тұз салып, дәмін келтіргеніңізде тұзды мөлшерінен көп саласыз. Егерде ыдысқа құйып әкелгеннен кейін оған тұз себелейтін болсаңыз, тұзды азырақ салатыныңыз анық. Бұл дәлелденген ақиқат.
Олай болса, басқа тағамдарды әзірлеп, ішіп-жерде солай жасағаныңыз жөн-ақ.
Кез-келген ем-дәмді қолданғанда аз-аздап әрі жиі (кем дегенде 5 рет) әлденіп алған дұрыс болса, тұзсыз ем-дәм ұстанғанда да мұны естен шығармау қажет. Ас үлесі азырақ, алайда майсыз болсын, ащы болмасын. Сіздің айтуыңыз мүмкін: «Тұзсыз тағамның дәмі кірмейді», – деп. Дұрыс қой. Жалғыз-ақ, табиғаттың бай, ондағы өсімдіктерде, дақылдарда, жеміс-жидектерде, көкөністерде табиғи дәмдеуіштер мен астатымдардың да бар екенін, мұның кез-келген асыңыздың дәмін келтіре алатынын ұмытпаңыз.
Дәрігерлер тұзсыз ем-дәмнің ағзаға зияндылығын азайту үшін оны ұстанған кезде суды көбірек ішуге ақыл-кеңес береді. Шай мен кофені қоспағанда күніне 2 литр су ішу – қалыпты мөлшер екен, су таза, бұлақтың немесе қайнаған болғаны жақсы. Сұйықтық жетіспесе, ағзада зат алмасу үдерісінің жүруінің қиындайтыны, есесіне сусызданудың басталатыны белгілі. Мұндай жағдайда ағзадағы майлардың ыдырауы да болмайды. Яғни, су ағзада жеткіліксіз бе, ем-дәм де нәтижесіз. Бұл тұзсыз ем-дәмге қатысты.
Ұстанылатын тұзсыз ем-дәмнің мерзімі 14 күннен аспауға тиісті. Осы уақыт ішінде зат алмасу үдерісі қалыпқа келеді, асқазан тамақтану тәртібінің ерекшелігіне әдеттеніп, қабылданған тамақ мөлшері мен оның сіңірілуі қалыпты деңгейге түседі. Сөйтіп, мұнан әрі денедегі артық салмақ артық күш салмай-ақ, өздігінен азая бастайды.
Кім-кімге де тұзсыз ем-дәмнің ең тиімді түрі – диетологтың тағайындағаны. Маман ең бірінші адамның денсаулығын, ағза мүшелерінің жұмыс істеу деңгейін тексеріп алады да, осындай ем-дәм ұсынады. Есіңізде болсын, тұзсыз ем-дәм ұстануға ыстық ауа райында, үнемі спортпен айналысып жүргенде (спортшыларға) рұхсат берілмейді. Ағза белсенді жұмыс істегенде минералды заттарды, олардың ішінде тұзды да қажет етпейді ме, мұның сыры осы.

Емдәмнің пайдалы жақтары:
1. Тұзсыз емдәм әсіресе бүйрегі ауыратындар үшін пайдалы. Сол үшін тұзды қолданыстан біртіндеп азайта отырып, оны шектеп, мүлдем қолданбауға дейін жеткізу қажет. Сонда бүйрек ауыр жұмыстан арылғандай жеңілдейді.
2. Тұз қан қысымын арттырады. Қан қысымы жоғары адамдардың тұзды шектегені дұрыс. Тұзсыз емдәм ұстанып көріңіз.
3. Ағзада шоғырланған артық тұз денені ісіндіреді. Тұзсыз емдәм қабылдағанда – артық сұйықтықтар ағзадан шығып, дененің ісігі қайтады.
4. Зат алмасуды жақсартады, ішкі ағзалардың жұмысы жанданады.

Академик А. Покровский:
«Егер сіз семіздіктен зәбір шегіп жүрсеңіз: ...асқа тәбет шақыратын дәмдеуіш – бұрыш, қыша, сарымсақ пайдалану жарамайды. Әсіресе, алкоголь өте зиянды. Кейде бір рюмке алкогольдың өзі аурудың тамақтану режимін бақылауға бөгет жасап, дәрігермен бірге жүргізген көп күнгі жұмысты зая кетіреді. Ақыр соңында ағзада ылғалдың жиналуына көмектесетін тұз тұтынуды шұғыл азайту керек. Қатты семірген ауруға тұзсыз тамақ дайындалады, ол күніне 5 грамдай ғана тұз алады. Сонымен қатар, алуан түрлі көкөністерді, тым тәтті емес жемістерді көбірек жеу ұсынылады.
Жас көкөністер мен жемістердің калориялығы жоғары болмағанымен, көп мөлшерде жеген кезде салыстыра алғанда тезірек тоюға көмектеседі.
...Мүлдем тұзсыз диета деген болмайды, өйткені әрбір өнімде қандай да болсын мөлшерде минералды тұздар бар. Дәрігерлер әдетте «тұзсыз» диета деп ас тұзы күрт шектелген диетаны айтады. Аурулар тұзсыз пісірілген тағам, тұзсыз нан алады. Сөйтіп, хлорлы натрийдің мөлшері натуралды өнімнің құрамындағымен шектеледі.
Мұндай диета қан айналысы анық бұзылған жүрек-тамыр аурулары, сондай-ақ нефрит кезінде тағайындалады.
Дәрігерлер жиі ретте жүрек тамырларының, бүйректің көптеген аурулары кезінде, тіпті қан айналысы қатты бұзылмаған жағдайда да ас тұзын аз тұтынуды ұсынады. Мұндай ауруларға тамақтың өзінде бар тұзбен шектелу ұсынылады, тұзды басытқылар диетадан мүлдем шығарылып тасталады».
Біздің анықтама: адамға күніне 10–15 грамм ғана ас тұзы қажет. Бұл керекті тамақты пісіргенде пайдаланылатын натуралды өнімдердегі (3–5 грамм), нандағы (3–5 грамм), тамақ пісіруге қолданылатын (3– 5 грамм) және тамақтану үстінде қосымша себілетін тұздар есебінен қанағаттандырылады. Ал енді ересек адамға күніне 0,8 грамм кальций тұзы жетіп жатыр. Балалар мен жасөспірімдерге күніне керегі – 1–1,2 грамм, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға – 1 грамм. Сүтте, сырда, сүзбеде, жұмыртқаның сары уызында, қара бидай нанында кальций көп болады. Жарты литр сүт немесе 100 грамм сыр ересек адамның кальцийге деген тәуліктік қажетін қанағаттандыратын көрінеді.

Минералды тұздарға бай өнімдерді пайдалану
«Тағам туралы толғау» («Қайнар», 1990) кітабынан: «...Тым тұзды тамақ жеуден тартыныңыз, қай жағынан алсаңыз да ол пайда келтірмейді. Жүрек-қан бүйрек ауырған кезде ас тұзы шектелген диетаға көшіңіз. Тамақта минералды тұздардың, әсіресе калий тұздарының тамаша көздері ретінде көкөністер мен жемістерді көбірек пайдаланыңыз».

Читайте на 123ru.net

Другие проекты от 123ru.net



Архангельск

Постановки о генетике и космосе победили в конкурсе школьных спектаклей в Архангельске



Здоровье

С 29 апреля по 5 мая 2024 года проходит Неделя профилактики инфекций, передающихся половым путем




Українські новини

Депутат Миколаївської облради Кормишкін вперше опублікував своє весільне фото



Новости 24 часа

6 городов России, где можно увидеть белые ночи кроме Санкт-Петербурга



Game News

Гайд по фарму золота в Solo Leveling: Arise



Москва

Шефы московских ресторанов устроят битву поваров на «Пасхальном дворе»



News Every Day

Online Alarm Clock for efficient time management



Интернет

Новинка от Edifier: беспроводные наушники Comfo Run для занятий спортом



Москва

Страстная суббота: главные запреты последнего дня перед Пасхой



Булат Окуджава

В Австралии отметили столетие Булата Окуджавы



Москва

Михаил Перепелкин: «Романс, с которым ассоциировалась эпоха»



Ирина Шиманович

Шиманович пробилась в ⅛ финала теннисного турнира в Сен-Мало



Москва

Форум Доноров представил результаты первой лаборатории проекта «Музеи и меценаты»



Бизнес

Бизнес-центр самоперестроился // Московские власти против внезапно возникающих апартаментов



Симферополь

Участников СВО обучат для работы в органах власти



Москва

Планетарий: условия для наблюдения Майских Акварид благоприятные, новолуние



Москва

Сергей Собянин рассказал о цифровизации системы здравоохранения



Москва

В Москве и Подмосковье ударили первые майские заморозки



Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Вашего города и Вашего региона. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Вашего города — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в России и мире
Москва

Зеленое царство – обзор новостроек рядом с «Лосиным островом»





Путин в России и мире
Москва

Что действительно говорил В. Путин о Нагорном Карабахе?


Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.





Зеленский в Украине и мире

Навальный в России и мире


Здоровье в России и мире


Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России






Загрузка...

Загрузка...



Коммерсантъ

«Коноплянка» гнездится в России // Московский «Кристалл» начнет выпуск белорусской водки



Москва

Муфтий Москвы назвал бескультурными мусульман, не принимающих кулич в подарок

Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net