Диана Ыдырыс: Кәсіби келін, орамал таққан жылдар мен Ербол есімді альтер-эго туралы
Диана Ыдырыс – Ainur Turisbek брендінің PR-директоры, бірақ қазір оны көбінесе видеоблогтары арқылы таниды. Өзінің Instagram скетчтерінде шымкенттік тәтешкаға, астаналық тоқалға, өзіне сенімсіз Ербол есімді жігітке айналып, қазақстандық қоғам үшін жанды деген тақырыптарды әсірелей отырып әжуалайды. Бұл пародиялық оқиғалардың негізі – Диананың өз өмірі. Некелескен сегіз жыл, көмкерілген бас пен ауыр ажырасу. Біз оның шымкенттік келін рөлінен арылып, өзіндік таза болмысын қалай қайтарғанын анықтадық, ал BLVD сән журналының редакторы Айзат Сәрсембаев Buro 24/7 жобасына арнап оның басты кейіпкерлерін түсірді.