Құрбан айт намазына келген жұрт мешіттерге симады
Жай күндері намазға келген 5 мыңдай адамды сыйдыра алатын Елордадағы Әзірет Сұлтан мешіті мереке күндері 10 мың халықты қабылдай алады. Бірақ соның өзінде орын болмай, ішке сыймаған халық далада намазға жығылды.