Жағрафиялық карталарды оқып-үйрену
Мәскеуден мен Каспий теңізінің егжей-тегжейлі картасын қолыма түсірдім де оның сусыз, құрғақ шығыс жағалауын ұзақ уақыт кезіп жүрдім (әрине, қиялыммен).
Баяғыда, балалық шағымда мен жағрафиялық карталарға құмар болдым. Қызғылықты бір кітап оқығандай, мен соларға бірнеше сағат бойы қарап отырар едім.
Мен со карталар арқылы беймәлім өзендердің ағысын, теңіздердің жықпыл-жықпыл жағалауларын оқып үйрене бастадым, аты жоқ сауда орындары титімдей оймақшамен белгіленген тайганың төріне бойлай өтіп, Юкагир шары мен Гебридтер, Гвадаррама мен Инвернесс, Онега мен Кордильерлер сияқты әуезді атауларды өлең сияқты қайталап айтатын болдым.
Бірте-бірте со бір жерлердің менің қиялымда ап-анық болып, жанданып кететіні сондай, мен алуан түрлі құрлықтар мен елдер туралы...