Ресейдегі өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жарыста Қазақстан құрамасы III орынға ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ҚР ерлер және әйелдер ұлттық құрамалары «Достық» Кубогі мен «Золотая штурмовка» сыйлығының жарыстарына қатысты. Чернобыль апатының салдарын жою күнінің 30 жылдығына арналған шара Ресей Федерациясының Ногинск және Подольск қалаларында өтті. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.