Ресей түрмесінде отырған украиналық режиссер Олег Сенцов қазанның 6-сы күні аштық акциясын тоқтатады. Ол 145 күн бойы тамақ ішуден бас тартқан. Тұтқын аштық акциясын доғаратыны туралы адвокаты Дмитрий Динзе арқылы таратқан жазбаша мәлімдемесінде айтқан.
Сенцов мәлімдемесінде аштықтан денсаулық жағдайы шегіне жетіп, ішкі мүшелерінде қатерлі өзгерістер пайда болғандықтан билік өзін мәжбүрлі түрде тамақтандыруды жоспарлағанын айтады.
"145 күн күресіп, 20 келі салмақ жоғалтып, оның үстіне денсаулыққа нұқсан келді... Читать дальше...