Шашқа арналған лактың кесірінен тұрғынның пәтері жарылып кетті
Ленинград облысының Кириши қаласында көп қабатты үйде жарылыс болып, пәтер терезелері сынған.Оқыс оқиға Плавнец желекжолындағы бес қабатты №10 үйде орын алған. Оқиға орнына жеткен құқық қорғаушылар жарылғыш заттар таппаған.
Ресейдің Ленинград облысының Кириши қаласында көп қабатты үйде жарылыс болып, пәтер терезелері сынған. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.
Оқыс оқиға Плавнец бульварындағы бес қабатты тұрғын үйде орын алған.
Оқиға орнына жеткен құқық қорғаушылар жарылғыш заттар таппаған. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жарылысқа пәтер иесінің шашқа арналған лагы себеп болған.
Косметикалық зат құтысының неліктен жарылғаны анықталуда.
Оқиға кезінде пәтерде жалға алушы болған. Ер адам жапа шекпеген.
Source: Kaz.nur.kz