Қытай мен ЕАЭО елдерінің кедендік қызметтері арасындағы ақпараттық алмасу туралы келіссөздердің үшінші раунды аяқталды
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 25-27 тамыз күндері аралығында Иркутск қаласында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін халықаралық тасымалдау тауарлары мен көліктік құралдарын алмасу туралы келісім орнату келіссөздерінің үшінші раунды болып өтті. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметінен хабарлайды.