Другие новости Игарки и Красноярского края на этот час
Актуальные новости сегодня от ValueImpression.com


Опубликовать свою новость бесплатно - сейчас


Сталин салғызған Трансполярлық магистральдан не қалды?

Трансполярлық магистраль – 1947-1953 жылдары ГУЛАГ тұтқындары еңбек еткен, "Чум – Салехард – Игарка" бағыттары бойынша салынып бітпеген теміржолдың қазіргі атауы.


Бұл сталиндік репрессияның ең қасіретті жобаларының бірі. СССР билігі Ұлы Солтүстік теміржолын салу туралы 1928 жылдан бастап жоспарлай бастаған. Жоба бойынша жол Баренц теңізі жағалауынан өтіп, шығыс Архангельск арқылы Охотск теңізінің жағалауы мен Чукоткаға жетуі керек болған.


Құрылыс 1947 жылы басталды. Жолды салуға бір мезетте 80 мыңға дейін адам жұмылдырылды.




Алайда 1953 жылы Сталиннің өлімінен кейін тұтқындар жаппай амнистия алды. Сол кезде көлік желісін салуға қатысқандар да бостандыққа шықты. Жұмысты тоқтатты, кейін теміржолды мүлдем ұмытты. Қазір рельс пен құрылыс қалдықтары Ресейдің адам жүрмейтін арктикалық аймағында батпаққа батып барады.  




"Кінәлі" деп танылған тұтқындарды жатқызған камера-карцер.




Күзгі ормандағы лагердің қарауыл мұнарасы.




Трансполярлы магистраліндегі рельс қалдықтары.




1947-1953 жылдары жол салу өте ауыр болды: құрылыс орнында қарапайым қажетті заттар болмады. Қыста, арктикалық аязда күні бойы жұмыс істеу керек болды. Ал жазда – дымқыл батпақта, қаптаған шыбын-шіркейдің ортасында еңбек етті.


Өз еркімен келген жұмысшылар да, тұтқындар да ұзақ уақыт бойы барақта емес, жартылай кепе мен жер кепеде тұрды, оны өздері қазып алатын. Сонымен бірге темір пешпен жылытылатын шатырда өмір сүрді.


 




Құрылыстағы тұтқындардың оңдаған мыңы "саяси тұтқындар" - "Совет одағына қарсы" әрекеті үшін сотталғандар болатын.




Ресми хабарлама бойынша, теміржол СССР арктикалық суын батыс теміржол желісімен жалғауға тиіс болды. Бірақ арктикалық батпаққа салынған теміржолдың түпкі мақсаты әлі күнге дейін белгісіз.


Бір нұсқа бойынша, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Арктикада нацистік сүңгуір қайықтардың пайда болғанынан қорыққан Сталин болашақ портқа теміржол салмақ болған. Тағы бір нұсқа бойынша, ол солтүстік никель шахталарын СССР батыс аумағындағы зауыттармен жалғағысы келген. 




Алайда Сталиннің қазасынан бірнеше күн өткен соң жоба жабылды. Жыл сайын құрылыс қалдықтары қардың ауырлығынан жерге сіңіп барады, жазда күннің көзі оны батпаққа айналдырады.




Қазіргі кезде теміржол мен лагерь қалдықтарына жер қатып жататын қыс айларында ғана баруға болады.




Жазда батпақты алқаптан тек ТРЭКОЛ сияқты қысымы төмен, камерасыз шинасы бар, жол талғамайтын арнайы көлік қана жүре алады.




Салехард пен Надым арасын бес саусақтай білетін аңшы бірнеше лагерь қалдығын көрсетті.




Лагерь айнала тікен сыммен қоршалған.




Ішінде тұтқындар ұйықтаған нардың қалдықтары қалған. Терезеге тор қойылыпты.




Лагерьдегі тегене. Аман қалғандар күндік рационның 900 грамм нан, тары мен бурда сорпасынан құралғанын айтады.




Қираған барақтағы балық аулайтын тор.




ШИЗО – жазалы болғандарды оқшаулайтын орын, есігі металмен қапталған. "Ажал жолы" құрылысында аман қалған Александр Сновский күніне 200 грамм нан мен бір шыны ыстық су ғана ішкендерін еске алады.




Саяси тұтқындармен қоса лагерьде қылмыскерлер де болған. Куәгерлердің айтуынша, олар саяси тұтқындарға тиісіп, әлімжеттік жасаған.




Тағы бір аман қалған куәгер Василий Басовскийдің айтуынша ол жерден қашып шығу мүмкін болмаған: "Қашатын жер жоқ! Маса, шіркеу мен бөгеуші бекет қана бар. Қайда қашасың?! Қашқандарды ауыр жазалайтын: ұстап алып, басын байлап тастайды, шыбын-шіркей өлгенше талайды. Екі-үш сағат қана шыдайсың".




Ең қиыны – қыстан аман шығу. Қыста бұл жақта ауа температурасы минус 40ºС дейін төмендейді.




Әйелдер мен ерлер лагерьде жеке барақта тұрды. Сновскийдің айтуынша, кейде ерлер әйелдер бөліміне байқатпай хат лақтыратын. Бірақ "контрабанданың" ерекше түрі де болды.




"Лагерьдің ерлер тұратын бөлігі жағынан әйелдер жаққа "сұйықтығы" бар шөлмектер лақтырдық, әйелдер сол арқылы жүкті болып, азапты еңбектен құтылғысы келді" дейді ол.




Лагерьдің қасында – батпақтың үстіне салынған жүздеген ағаш көпірдің бірі қалыпты.




1917 жылы билікке большевиктер келгенге дейін Демидова зауытында құйылған рельс. Құрылыста қолданылған рельстің көбін кейін жинап, алып кетті: демидовтық құнды құрыш "Норильский никель" зауытында қайта балқуға кетті.




Құрылыстағы инженерлердің көбі – өз еркімен келгендер болатын. Бірақ ауыр жұмысты тұтқындар да істеді.




Мына ағаш үй сияқты кейбір орындар сақталып қалған. Бір кездері онда лагерь күзеті тұрған сияқты, қазір аңшылар пайдаланып жүр.




Ішінде көмірмен жылитын шойын плита-пеші бар саманнан соғылған пеш тұр, сталиндік кезеңдегі жұлдызша белгісі де сақталыпты. Күзде ол үйді жақсы жылытады.




Бірақ теміржолдың басым бөлігі мынау нұсқаулық сияқты үйіндіге айналып барады.




Консервіленген еттен босаған банкі. Бұл суретті көрген жергілікті тұрғын банкіні eBay-ге салуды ұсынды. 




Салехардқа жақын орналасқан ең үлкен музейде Азаттық радиосының тілшісіне "ажал жолына" арналған тұрақты экспозициясы жоқ екенін айтты. Әйткенмен музей қызметкерлері қорда сақталған, тұтқындар қолданған бірқатар заттарды көрсетті. Мына мата қалдығынан тігілген бетперде қыста адам бетуден үсіп кетуден қорғайтын.




Салехардта "ажал жолы" құрылысында опат болғандарға арналған ескерткіш бар. 1947-1953 жылдары құрылыста қанша адамның қаза тапқанын білу қазір мүмкін емес. Лагерьге жақын тұрған Мария Еремеева былай деп жазады: "Тұтқындарды емдеген аурухана мен клубты тікенекті сыммен қоршады. Қасында көл бар болатын. Тұтқындардың зираты сол жерде. Ол сонау тайгаға дейін созылады. Зираттарына крест қойылмады, лагерьдегі нөмірі жазылған шағын қазық қана бар". 




Лагерьде аман қалған Александр Сновский (қазір әйелі екеуі Санкт-Петербург маңында тұрады) үшін ең үлкен қасірет – жол құрылысының аяқталмай қалғаны: "Ондаған мың адам бостан-босқа өлді. Бекер тер төккенімізге қайғырамын" дейді ол.

Читайте на сайте

Другие проекты от 123ru.net








































Другие популярные новости дня сегодня


123ru.net — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Игарки — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 123ru.net.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Игарки или других населённых пунктов Красноярского края мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Игарке можно самостоятельно через форму.



Новости 24/7 Все города России




Загрузка...


Топ 10 новостей последнего часа в Игарке и Красноярском крае






Персональные новости

123ru.net — ежедневник главных новостей Игарки и Красноярского края. 123ru.net - новости в деталях, свежий, незамыленный образ событий дня, аналитика минувших событий, прогнозы на будущее и непредвзятый взгляд на настоящее, как всегда, оперативно, честно, без купюр и цензуры каждый час, семь дней в неделю, 24 часа в сутки. Ещё больше местных городских новостей Игарки — на порталах News-Life.pro и News24.pro. Полная лента региональных новостей на этот час — здесь. Самые свежие и популярные публикации событий в России и в мире сегодня - в ТОП-100 и на сайте Russia24.pro. С 2017 года проект 123ru.net стал мультиязычным и расширил свою аудиторию в мировом пространстве. Теперь нас читает не только русскоязычная аудитория и жители бывшего СССР, но и весь современный мир. 123ru.net - мир новостей без границ и цензуры в режиме реального времени. Каждую минуту - 123 самые горячие новости из городов и регионов. С нами Вы никогда не пропустите главное. А самым главным во все века остаётся "время" - наше и Ваше (у каждого - оно своё). Время - бесценно! Берегите и цените время. Здесь и сейчас — знакомства на 123ru.net. . Разместить свою новость локально в любом городе (и даже, на любом языке мира) можно ежесекундно (совершенно бесплатно) с мгновенной публикацией (без цензуры и модерации) самостоятельно - здесь.



Загрузка...

Загрузка...

Экология в Красноярском крае




Путин в Красноярском крае

Лукашенко в Беларуси и мире



123ru.netмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

123ru.net — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.






Здоровье в Красноярском крае


Частные объявления в Игарке, в Красноярском крае и в России






Загрузка...

Загрузка...





Друзья 123ru.net


Информационные партнёры 123ru.net



Спонсоры 123ru.net