4 000-ға жуық қазақстандық ҚР Қарулы Күштерінің әскерлеріне қызмет етуге жіберілді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде күзгі шақырылым аяқталды. Жақында ғана 30212 әскери бөлімі Гвардейск кентінің оқу-жаттығу орталығына Қарағанды облысы мен Алматы қаласынан 45 шақырылушы жөнелтілді. Бүгін дәл осы бағытта 50-ге жуық бозбала Петропавлдан аттанады.