Атыраулық бизнесмендер Беларусьпен байланысты жолға қоюда
АТЫРАУ. ҚазАқпарат -Атырауда Беларусь Республикасы Гомель облысының кәсіпкерлер делегациясы болды. Қазақстандық бизнесмендермен келіссөздер жүргізу кезінде Атырауда Гомель облыстық құрылыс кешені басқармасының филиалын ашу туралы келісімге қол жеткізілді.