Астанада Италия балетінің жұлдыздары өнер көрсетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 29 қазанында елордалық театрдың Үлкен залы сахнасында «Астана Опера» театрының артистері мен неаполитандық Сан-Карло театрының белгілі артистерінің қатысуымен Гала-балет ұсынылады. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.