ОҚО-ғы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде 16 мыңнан аса жәдігер сақталған
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласында орналасқан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің жұмысымен танысты. Онда әкім музей экспонаттарын аралап көріп, кітап көрмесін тамашалады және «Тағзым» залындағы 2500 репрессия құрбандарының рухына бас иді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.