«Астана» ХҚО қызметкерлері Цинхуа университетінде біліктіліктерін арттырады
![«Астана» ХҚО қызметкерлері Цинхуа университетінде біліктіліктерін арттырады](http://www.inform.kz/fotoarticles/20170513192542.jpg)
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Цинхуа университетінің вице-президенті Ши Игун АХҚО мен аталмыш қытай университеті арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық жайлы меморандумға қол қойды, - дейді Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.