Досым Сәтпаев БЖЗҚ қоғамдық кеңесінен шығатынын хабарлады
![Досым Сәтпаев БЖЗҚ қоғамдық кеңесінен шығатынын хабарлады](http://www.inform.kz/fotoarticles/20170425165431.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Саясаттанушы Досым Сәтпаев, экономист Рахым Ошақбаев пен «Қаржылық еркіндік» («Финансовая свобода») қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің басшысы Ботагөз Жұманова "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" қоғамдық кеңесінің құрамынан шықты. Бұл туралы саясаттанушы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.