Марко Поло туралы қазақстандық фильм Миланда арнайы жүлде алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Милан қаласында Африка, Азия және Латын Америкасы фильмдерінің 27-фестивалі өз мәресіне жетті. Наурыздың 19-ы мен 26-сы аралығында өткен Италия киноиндустриясындағы бірегей және дара фестиваль жарты ғасыр бойына үш құрлықтың мәдениетін байланыстырып келеді.