Кәмелет жасқа толмаған ақтөбелік жалған ақпарат берді - ІІД
![Кәмелет жасқа толмаған ақтөбелік жалған ақпарат берді - ІІД](http://www.inform.kz/fotoarticles/20170208132536.jpg)
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі «Керуен» сауда ойын-сауық кешеніне «жарылғыш зат қойылды» деп хабарлама таратқан адамның кім екені белгілі болды. Облыстық ішкі істер департаменті телефон арқылы ақпарат берген адамның кәмелет жасқа толмаған бала екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.