Мен қазаққа деген құрметімнің белгісі ретінде оның тілін меңгердім - Шахалиев
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Баршы қазақстандықтарды еліміздегі татулық пен достықтың жаршысына айналған Ұлыстың ұлы күні-әз Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Наурыз мейрамы әр отбасына бақыт, ырыс-ынтымақ әкелсін. Егеменді елімізде халықтар арасындағы мызғымас достық мәңгі жасасын!». Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісімен болған сұхбаты барысында «Әзербайжандар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Көкшетау қалалық филиалының төрағасы Назим Абыоглы Шахалиев айтты.