Наурыз дастарханын «түгендеу» керек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз мейрамында халық арасында ең көп айтылатын тілек - «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!». Қазақ халқы Наурызда дастарқанда тағам мол болса, сол жылы ел тоқ болады деп ырымдаған. Сол ырым бойынша сүр етті де Наурызға деп сақтағанын білеміз. Ең бастысы Наурыз көжеден ауыз тиюді, халыққа кеңінен ауыз тигізуді маңызды санаған. Осы орайда белгілі тарихшы, этнограф Жамбыл Артықбаевтың әлеуметтік желідегі жазбаларына жүгіне отырып, Әз-Наурыздың ерекшеліктерін оқырманмен бөліскенді жөн санаған едік.